Алматыда 458 жұмысшының уақытында берілмеген 50 млн. теңгеге жуық жалақысы төленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық прокуратурасы ірі кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің, еңбек туралы заңның орындалуын тексерген болатын. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында екі ірі кәсіпорынның 458 жұмысшысы бірнеше жылдан бері жалақысын ала алмай жүргені анықталды. Жұмыс берушілердің қарызы 50 млн теңгеге жуықтаған.

Прокуратура қызметкерлерінің қадағалау актілерін қарау барысында бұл сома толығымен жұмысшыларға қайтарылды.

Сонымен қатар, 7 кәсіпорында медициналық қызмет лицензиясыз жұмыс істеп келген. Онда арнайы білімі жоқ мамандар қызмет етіп, пайдалану уақыты өтіп кеткен дәрілік заттар таратылғаны анықталды.

Барлық кәсіпорындарда азаматтардың еңбек шарты, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы, экологиялық талаптар бұзылған.

Бірқатар жұмыс орындарында өндірістік жарақат алу жағдайларын жасыру орын алған.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде 47 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәсіпорындардан қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 2 млн. теңгеге жуық қаржы қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар