Алматыда 450 млн. теңге көлемінде салықты төлеуден жалтарған жалған кәсіпорын анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы мемлекетке 450 млн. теңге көлемінде салықты жылыстату үшін құрылған жалған кәсіпорынды анықтады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура қызметкерлері «Polocon» ЖШС-ның Алматы қалалық Әділет департаментінде тіркелуін заңсыз деп шешті.

Қазір аталған кәсіпорынның мойнында төленбеген салық түрінде 450 млн. теңге қарыз бар.

Прокуратура өкілдері тексере келе пирамиданың бір мүшесі, ірі контрагент - салық салынатын айналымы 320 млн теңге болатын (оның ішінде 36 млн. теңге ҚҚС) «АлматыДорМостПроект LTD» ЖШС-ін анықтады.

Іс материалдарына сәйкес, «АлматыДорМостПроект LTD» ЖШС аталған жалған кәсіпорынмен келісім-шартқа отырып, қызметін пайдаланып, тауарын сатып алып, заңды кәсіпкерлік қызмет атқарған кейіп жасаған.

Қазір ЖШС басшылары ҚР ҚК 192 бабының 1 тармағы (жалған кәсіпкерлік), 218 бабы (бухгалтерлік есептеу ережесін бұзу), 222 бабы 3 тармағы (салық төлеуден жалтару) бойынша айыпты деп танылып шартты түрде жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар