Алматыда 450 иесіз электр желісі қала балансына беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 450 иесіз электр желісі қала балансына өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы 6 аудандағы 170 иесіз электр желісі қаланың коммуналдық меншігіне алынған болатын.

Бұл желілер қала әкімдігінің қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на әрі қарай қызмет көрсету үшін тегін берілді.

«Бүгінгі күні қаланың 7 ауданында иесіз инженерлік желілердің 450 нысаны анықталды (оның ТП - 146 дана, электр желілері - 253,6 шақырым, жылу желілері - 19,7 шақырым, су құбырларының желісі - 66,4 шақырым, кәріз желілері - 24,1 шақырым). Оларға қатысты одан әрі қызмет көрсету үшін қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы соттың оң шешімі бар» деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 129 электр желісі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ–на тегін берілді.

«Жалпы ұзындығы 50,7 шақырым болатын сумен жабдықтау желілерінің 77 нысаны және ұзындығы 15,1 шақырым болатын 63 кәріз желілері «Алматы Су» МКК-на тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бар» делінген хабарламада.

Жылумен жабдықтау желісінің 49 нысанын да «Алматы жылу желілері» ЖШС-не тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы дайындалды.

Қазіргі кезде қабылдау-тапсыру актілерін дайындау жұмысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар