Алматыда 45 мың адам жұмыс іздеп жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда экономикалық тұрғыдан белсенді 860 мың адам бар екен, олардың ішінде 44-45 мың адам екі қолға бір күрек іздеп жүр.

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Әліқұлов хабарлады.

«Жыл басынан бері 823 адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны өзгеріссіз қалуда. Бүгін осы адамдарды қызметпен қамту үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз»,- деді Е.Әліқұлов.

Алмалы ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шараға сауда, құрылыс, қаржылық қызмет көрсету саласындағы 80-нен астам кәсіпорын қатысты.

Келушілердің назарына 500-ге тарта бос орын ұсынылды.

Аталған шара «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар