Алматыда 441 мыңнан астам адам 42 500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табысынан айырылған 441 мыңнан астам алматылық 42 500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жалпы 18,8 млрд теңге 441 736 адамға берілген. Бірінші айда - 371 933 адам, екінші айда 69 803 адам алды. Сонымен қатар, 15 мыңнан астам тұрғын алған қаржыны қайтарып берген.

Өтінімдерді қайта қарау жұмыстары әлі де жалғасуда. Түрлі себептермен әлеуметтік төлем ала алмаған тұрғындар үшін өтініштерді қарау тәртібі бекітілді. О л үшін азаматтар штабқа кірістерін жоғалтқанын растайтын құжаттарды өткізу қажет. Өтінішті қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар