Алматыда №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала билігі аталған қоғамдық көлік бағдары Наурызбай ауданының тұрғындары үшін керек деп тапты.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, кезінде жолаушылар легінің аздығынан № 44 бағыттағы автобус қозғалысын тоқтатқан болатын.

«Алайда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу  туралы шешім шығарды. Аталған маршрут автобустары аудан тұрғындарын аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығынан Орталық стадионға дейін жеткізетін болады», - делінген хабарламада.

Жаңа бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүретін болады.

Мұндай қоғамдық көліктер кондиционермен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар