Алматыда 43 жыл бұрын салынған велотрек модернизацияланды
Іс-шараға Алматы басшысы Ерболат Досаев, Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов, спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Велотрек Қазақстан велосипед спорты федерациясының сенімді басқаруына берілгеннен кейін спорт кешені демеушілік қаржы есебінен модернизацияланды.
Ерболат Досаев велотрек белсенді өмірді қалайтындар үшін тартылыс орталығына айналатынын және дәл осы жерде қаланың жас спортшылары өз талантын аша алатынын атап өтті.
Кешенде велоспорттың 4 түрін дамытуға жағдай жасалған, олар – маунтинбайк, ВМХ (трюк түрі), тасжол және тректер, сонымен қатар қаладағы ең үлкен скейтпарк.
Велотректі бір мезгілде 100-ге жуық велосипедші пайдаланады. Кешен аумағында енді триатлеттер, жүгірушілер, пауэрлифтерлер, скейтерлер және тағы басқалары жаттыға алады.
Фото: t.me/almaty_akimat