Алматыда 43 жыл бұрын салынған велотрек модернизацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында осыдан 43 жыл бұрын салынған велотрек жаңартылып, қолданысқа берілді. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Алматы басшысы Ерболат Досаев, Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов, спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Велотрек Қазақстан велосипед спорты федерациясының сенімді басқаруына берілгеннен кейін спорт кешені демеушілік қаржы есебінен модернизацияланды.

Ерболат Досаев велотрек белсенді өмірді қалайтындар үшін тартылыс орталығына айналатынын және дәл осы жерде қаланың жас спортшылары өз талантын аша алатынын атап өтті.

Кешенде велоспорттың 4 түрін дамытуға жағдай жасалған, олар – маунтинбайк, ВМХ (трюк түрі), тасжол және тректер, сонымен қатар қаладағы ең үлкен скейтпарк.

Велотректі бір мезгілде 100-ге жуық велосипедші пайдаланады. Кешен аумағында енді триатлеттер, жүгірушілер, пауэрлифтерлер, скейтерлер және тағы басқалары жаттыға алады.


Фото: t.me/almaty_akimat




Соңғы жаңалықтар