+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда 42 мың халық сел мен көшкін жүру қаупі бар аймақта тұрады

2016 жылғы 15 қазан 17:50
Бөлісіңіз:
 Алматыда 42 мың халық сел мен көшкін жүру қаупі бар аймақта тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған жоғарғы палата депутаттары Алматы қаласының селге қарсы дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының сел және көшкін жүру қауіпі бар жерлерінің картасын әзірледік. Сел жүру қауіпі бар аудандардағы адам саны 42 мың болса, 6 мың нысан да осы қауіп картасына кірді»,-деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазақстанның селден қорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тоқтар Баймолдаев.

Сенаторлар осы қауіп аймағына кірген нысандар туралы білгісі келді. «Олардың арасында тұрғын үйлер, қоғамдық орындар, мейрамханалар, көңіл көтеру орындары», - деді депутаттардың сұрағына жауап берген Т.Баймолдаев.

Т.Баймолдаевтың айтуынша, халықты сел мен көшкіннен қорғау үшін мекеме мұздықтарды, өзен-сулар, сел жүретін бассейіндерді үнемі мониторингілеп тұрады. Оның айтуынша, мұздықтардың кенет ери бастағанына байланысты, Ақсай, Аюсай, Үлкен Алматы өзендерінде үш бөгет салып, Тұйық су бөгетінің сыйымдылығын арттыру жоспарланып отыр.

«Үш бөгеттің жоспары құрылып жатыр, 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін жоспарлау жұмыстарын аяқтауымыз керек. Үш бөгетке шамамен 17 млн теңге қаржы беріледі. Осы үш бөгетті жоспарлау жұмыстарына 160 миллион теңге бөлінді», - деп хабарлады Т.Баймолдаев.

Сондай-ақ, Д.Назарбаева бастаған сенаторларға теңіз сулары мен тау өзендерінің көлемін автоматты түрде мониторингтен өткізетін стансаның жобасы таныстырылды. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік пен Алматы бұл жобаға қызығып отыр.

«Ендеше, сіздерге сәттілік тілеймін. Бастысы - пайдалы жоба болсын», - деді Д.Назарбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT