Алматыда 411 қоғамдық нысан лаңкестік шабуылдан қорғау жүйесімен қамтылмаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бизнес қауымдастық өкілдері лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылады.

Жиынға ҰҚК департаменті мен қаладағы кәсіпкерлік субьектілерінің өкілдері қатысты.

Белгілі болғандай, қалада 411 бизнес-нысан лаңкестік шабуылға тойтарыс беруге толық қауқарлы емес. Олардың ішінде сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үй, мейрамханалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар бар.

Бизнестің лаңкестіктен қорғануға жұмсалатын шығындары 2020 жылы өткен бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық индексіне кіретінін атап өту керек.

Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан 62-орында тұр. 2017 жылы 58-орынға жетуді жоспарлап отыр.

Осы уақытқа дейін аталған ШОБ иелеріне қауіпсіздік шараларын қатайтып, күзет құралдарын, дабылды күзет, бейнебақылау жүйесін нығайту тапсырылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға ШОБ субьектілеріне антитеррористік шараларды түсіндіру жұмыстарын күшейту жүктелді.

Соңғы жаңалықтар