Алматыда 41 көпқабатты үйдің құрылысы не себепті тоқтап қалғаны белгілі болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде Ерболат Досаев «Қайрат» шағынауданындағы 41 тұрғын үйдің құрылысы не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, бұған дейін әкімдік 3 мың пәтерге есептелген 41 тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталатынын хабарлаған.

Алайда, 4 мердігер - Сапа Құрылыс, EC Energy, Шах және Gas Energy мерзімді созуына байланысты инженерлік желілерді жүргізу, аула аумақтары мен кірме жолдарды абаттандыру жұмысы аяқталмаған.

«Менің шешімім бойынша технологиялық талаптарды сақтау үшін бұл жұмыс қыс мезгілінде тоқтатылды. Яғни, жаңа құрылыс маусымы басталған кезде құрылыс жалғасын табады. Осыған байланысты, тұрғындар жоғарыда аталған үйлерге 2023 жылдың мамыр айында кіреді. Осы кезде 1500 орындық мектеп пайдалануға беріледі және қоғамдық көлік маршруттары іске қосылады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар