Алматыда 400 келіге жуық есірткіні тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы еліміздің солтүстік облыстарына есірткі тасымалданып келген арнаны әшкереледі. Бірнеше ай бойы қылмыстық әрееттерін жүзеге асырып келген қылмыстық арнаның «А» пункті Жамбыл облысының Қордай ауданында болса, «В» пункті орталық және солтүстік Қазақстан аймақтарында болған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Базар маңын торуылдаған «Ауди» маркалы көлігі бірден сақшылардың күдігін туғызған. Сұрастыру кезінде 45 жастағы жүргізуші Қордайдан Алматыға жолаушы тасымалдаумен айналысатынын айтқан.

Құқық қорғау органдары тексере келе, көліктен жалпы салмағы 393 келі 960 грамм болатын 12 қапшық марихуана тапты.

«Сұрақ-жауап кезінде таксист жүктің есірткі екенін білмегенін айтып жалтарды. Оған бір адам молынан ақысын беріп, қапшықтарды Қостанайға бағыт алған «Scania» маркалы жүк көлігіне жеткізіп беруін тапсырған. Бірнеше сағаттан соң жедел іздестірушілердің көмегімен Жамбыл облысындағы тапсырыс берушілер - бес адам ұсталды», - деді қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Оның айтуынша, Алматы есірткі тасымалдаушылар қала базарларының бірнеше жерлерінде орналасқан ордалары арқылы Қазақстанның әр түкпіріне киім мен заттарға орап, есірткі жіберіп отырған. Қалааралық автобустардан осындай күдік туғызатын тауарлар жиі анықталған.

Соңғы жаңалықтар