Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге айыппұл төлейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада қазір қоғамдық орындарда, аялдамаларда, подьездер мен дүкендерде маска тағу туралы ақпараттар жапсырылған.

«Бірақ, кейбір азаматтар масканы тақпай, қалтасына салып жүреді. Ыңғайсыз екені рас. Бірақ, біз бұл әдетке үйренуіміз керек. Өз денсаулығымыз үшін. Бүгінде Алматыда 400 адам 83 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Егер айыппұлды уақытында төлесе, бұл соманың жартысын ғана төлейді», - деді әкім.

Мұның алдында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де 1 аптаның ішінде төлеген адамға айыппұл екі есе қысқаратынын айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар