Алматыда 40 жылдан астам бір шаңырақ астында өмір сүрген жұптарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жас Отау» неке сарайында отасқандарына 40 жылдан асқан отбасыларға ерекше құрмет көрсетілді.

«Ұзақ уақыт бойы бірге өмір сүріп, өмірдің ағы мен қарасын бір көрген отбасылар жастарға үлгі екендігі рас. Олар өздерінің өмірімен отбасылық өмірді қалай дұрыс құру керектігін көрсетіп келеді. Отбасының беріктігі - мемлекетіміздің беріктігінің кепілі. Өздеріңіз көріп отырсыздар, жүрекке жағымды іс-шара болды деп ойлаймын», - деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекежанова.

Неке сарайында гаухар және күміс тойларын бүгін 5 жұп - Тоқмұрзин Берік пен Айман, Саттаров Әділгерей мен Гүлсат, Тәжіғалиев Серік пен Раиса, Қарабалин Қадырғали мен Биғайша, Исламов Қайырлы мен Мәншүк атап өтті.

Аталған жұптарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, мерекелік дастархан жайылды.

Аудан әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың айтуынша, әкімдік мұндай шараны дәстүрлі түрде жылда өткізіп тұратын болады.

Соңғы жаңалықтар