Алматыда 40 жастағы ер адамның бас миына аса күрделі операция жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер 40 жастағы ер адамның бас миына жоғары технологиялық операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың мәліметінше, неврология қабылдау бөлімшесіне ми қанайналымының жіті бұзушылығы күдігімен 1981 жылы туған пациент келіп түсті.

Науқасты аурухананың нейрохирургі тексеріліп, ангиография КТ жүргізді. Нәтижиесінде, алдыңғы қосылған күре тамырының үзілген аневризмасы анықталды.

Шұғыл түрде нейрохирург- дәрігер Ербол Макежанов жоғары технологиялық операция жасады. Яғни қапты аневризманың ассистенция баллонымен эндоваскулярлы эмболизация жүргізді.

Дәрігердің айтуынша, эндоваскуляр нейрохирургияның заманауи технологиялары бұл операцияларды бас сүйекті теспей жасау мүмкіндігін береді.

«Жамбас күре тамыры арқылы бүкіл ағзасы бойынша арнайы катетер салынып, аневризмаға енеміз де онда арнайы спиральдарды орнатамыз, содан соң аневризма қан ағымынан жансызданып осылайша қан құйылу қаупінің алды алынады. Операция сәтті өтті. Пациент реанимация бөлімшесінде оянғаннан соң ауруға шағымданған жоқ. Бұрыннан мазасын алған бас сақинасының ауруы толығымен жойылып, 10-шы тәулікте пациент ауруханадан шығарылды»- деді Ербол Макежанов.

Сонымен қатар, ол аневризманың үзілуі геморрагиялық инсульт, жүйке жүйесінің зақымдануы немесе бас миына қан кетуге дейін апаратынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар