Алматыда 40-тан аса спорттық бренд көрмеге қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда спортсүйер қауым үшін жағымды жаңалықтардың бірі - халықаралық «Интерспорт-2014» көрмесі өтуде.

Қалың көрермен назарына 40-тан астам әлемдік және отандық өндірушілердің спорттық киімдері мен құрал-жабдықтары, т.б. ұсынылды.

«Алматыда осымен екінші рет спорттық технологиялардың озық жетістіктері көрсетіліп отыр. Аталған шара тұтынушы мен өндірушінің арасын жақындатып, қазақ спортының дамуына серпін бермек», - деді ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Құранбек Сәрсен.

Іс-шараны ұйымдастырушылар өз сөздерінде бұл көрменің тәжірибе алмасу, спорт пен белсенді демалысты дамыту бойынша жаңа идеялармен бөлісу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті. Жоба спорт-индустрияның, аңшылық пен балық аулау салаларының дамуына айтарлықтай үлес қосады.

«Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін спортпен айналысатын адамдардың санын 30 пайызға дейін ұлғайту туралы нақты тапсырма берген болатын. Осындай көрмелер өткізу, сондай-ақ отандық өнім өндіретін спорттық зауыттар салу, балалар алаңының көбеюі, спорт мектептерінің ашылуы осы бағыттағы ауқымды жұмыстың бір бөлігі болмақ», - деді Қ.Сәрсен.

Соңғы жаңалықтар