Алматыда 4 см қар жауды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі түнімен жауған қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада түнгі сағат 23:00-дер шамасында жауын жауып, арты қарға ұласқан. Кешелі бері қалада 4 см қар түскен.

«Қарбалас уақыттан соң қалада қар тазалауға арнайы 416 техника мен 1 045 жұмысшы жұмылдырылды. Қала көшелерінде 2 800 тонна көктайғаққа қарсы құм төгілді», - деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

«Қазгидрометтің» болжауынша, қар 13 қарашаға дейін жауады. 

Қала әкімдігі көктайғақ болуы ықтимал болғандықтан, жүргізушілерге абай болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар