Алматыда 4 пəтерден тұратын барақ үйден өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 4 пəтер орналасқан барақ үйден өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, таңертеңгі 8:16-да 101 пультына Түрксіб ауданы, Пугачев көшесіндегі қамыстан соғылған 9-үйдің терезесінен түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Өрт 1 пəтердің 35 шаршы метр аумағын жалмаған.

Тілсіз жаумен алысқан 12 өрт сөндіруші өртті 28 минутта ауыздықтап үлгерді. Соның арқасында қызыл жалынның өзге пəтерлерді шарпуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар