Алматыда 4 көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шығыс айналма жолында 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Төле би көшесінен солтүстікке қарай болған.

Куәгерлердің айтуынша, шығысқа бағыт алған Toyota Camry жүргізушісі көлік тізгінен айрылып қалып,  Hyundai көлігімен соқтығысқан. Соққыдан қос көлік те айналып барып сол бағыттағы Audi көлігін соққан.



Toyota  Camry мен Audi жол арасындағы баған мен жарықтандыру жүйесіне соғылған.  Олардың артқы жағында келе жатқан Toyota жол апатын айналып өтпек болғанда жол шетіндегі қоршауды іле кеткен.









Бұл жол апатынан Toyota Camry жүргізушісі мен Audi жолаушысы зардап шекті. Екеуін де жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.

Соңғы жаңалықтар