Алматыда 4 баласымен тауда қалған отбасы құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құтқарушылар 4 баласымен тауда қалған отбасын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық жедел құтқару жасағының хабарлауынша, тауға кеткен отбасының қайтып оралмағаны туралы хабарлама сенбі күні кезекші пультіне түскен.

«4 баласын ерткен ерлі-зайыпты Талғар ауданындағы тауларға көлікпен серуендеп шыққан. Серуеннен қайтып келе жатқанда қатты нөсер жауып кеткен. Соның кесірінен көлік Талғар ауданындағы жолсыз жерлерде балшыққа батып қалған. Өздері көлікті шығарамын дегенше қараңғы түсіп кеткен» делінген хабарламада.

Шұғыл хабарламадан соң тауға қарай 6 құтқарушы шыққан. Тауға шығып бара жатқанда құрғақ жол аяқталып, лай жермен жүруге тура келген.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде балалар тоңа бастаған. Ал ата-анасында сәйкес аяқ киім болмаған. Құтқарушылар көлікті шығара алмаған соң, отбасы мүшелерін жаяу алып түскен. Олар балаларды өз күртешелеріне орап, 4,5 шақырым жер жаяу алып жүрген», - деді жасақтың баспасөз қызметінен.

Түнгі 22:55-те құтқарушылар отбасыны жедел көлікке жеткізді.

Соңғы жаңалықтар