Алматыда 39 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 39 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Талапты сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.

Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. «Ashyq» жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторинг тобы тексереді.

Жоба тексерушілерінің айтуынша, жобадан шеттетілуге келушілердің мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерленбеуі себеп болған.

9 сәуір мен 1 шілде аралығында «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен Алматының 1463 тұрғынында 2 «қызыл» 372 адамда «сары» белгі анықталды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, биыл 28910 нысан тексеріліп, карантин шараларын бұзған 2546 нысан анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 75 материал жолданды. Оның 64-і бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар