Алматыда 39 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кестеге сәйкес, бүгін Алматының 39 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі.

Алатау ауданы: Саин Т.Рысқұловтан Райымбекке дейін, Б.Момышұлы Райымбектен Мөңке биге дейін және Мөңке би Б.Момышұлынан Ә.Мәмбетовке дейін.

Жетісу ауданы: Серіков, Ратушный көшелері мен «Айнабұлақ» ықшамауданы

М.Әуезов ауданы: Райымбек даңғылы, О. Жандосов, Төле би көшелері, «Достық» және «Алтын Бесік» ықшамаудандары.

Алмалы ауданы: Артем, Верещагин, Мәулен, Панфилов көшелері.

Медеу ауданы: «Достық», «Самал» ықшамаудандары мен Горная, М.Төлебаев, Ш.Уәлиханов көшелері.

Түрксіб ауданы: Бартольд, Тренев, Спасская, Некрасов, Клара Цеткин, Земнухов, Сортировочная көшелері.

Бостандық ауданы: Құсайынов, Лисянский, 20 линия, Радостовец, Ә.Тәжібаев, Шмелев көшелері.


Соңғы жаңалықтар