Алматыда 3860 текше метр қар қала сыртына шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін күндіз жауған қардың қалыңдығы 16-18 сантиметрге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұз ерітетін ұнтақтар себілді, жауған қар сыпырылды. Жалпы, бүгін 6,664 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қарды тазарту таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді. Қалада 3860 м3 қар сыртқа шығарылды.

Қар тазалайтын колонналардың қасында жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүрді.

Күндіз 630 арнайы техника, оның ішінде 234 құм лақтырғыш, 1907 жұмысшытқар тазалауға жұмылдырылды.

Түнде 116 самосвал арқылы қарды жаппай тазарту жұмыстары жүретін болады. Бұл іспен 510 жұмысшы айналысады.

«13-14 қаңтар аралығында түнде қарды жаппай сыртқа шығару, қар тазарту жұмыстарын жедел жүргізу үшін жүргізушілерден көліктерін жол жиектеріне қоймауды әрі оған түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қалада қар тазартуға кедергі келтіретін көліктердің эвакуатормен басқа орындарға ауыстырылатынын ескертеміз», - деді әкімдіктен.

Полиция түнгі сағат үштен бастап қалада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлаған еді.

Оның 6-ында адамдар зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар