Алматыда 367 ШОБ субьектілері тексеруден босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 367 ШОБ субьектілері тексеруден босатылды. Бұл туралы бүгін қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Басқанбаев Ардақ мәлім етті.

«Мемлекет басшысының 27 ақпандағы №757 Жарлығына сәйкес Алматы қалалық ТЖД биылғы жылдың бірінші жартысында 367 ШОБ субьектісін тексеруден босату туралы шешім шығарды. Сөйтіп 2014 жылдың басынан бері тексеру жоспарланған субьектілер тексеруден босатылды», - деді Басқанбаев Ардақ.

Маманның айтуынша, 2014 жылдың 9-сәуірінде қалалық ТЖД мен кәсіпкерлер палатасы ШОБ нысандарын тексеруден босату туралы ортақ меморандумға қол қойған болатын. Осының аясында қалалық ТЖД Елбасының Жарлығын жүзеге асыру бойынша өткізілетін шаралар жоспарын құрған.

Соңғы жаңалықтар