Алматыда 36 жаңа учаскелік полиция пункті ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 36 жаңа учаскелік полиция пункті ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, Алматы полициясы қала әкімдігінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсартудың үш жылдық кешенді жоспарын жасады, соның ішінде 36 полиция пунктіне ғимарат бөлді.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында реформалар мен «полиция жақын маңда» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі, ол тұрғындарына жақындай түсуі керек, танымал, қолжетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін біз учаскелік полиция пункттеріне қажетті ғимарат жоқ жерлерде 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елді мекендерінің қалаға қосылуын ескерсек, бүгінгі таңда бұл кезек күттірмейтін қажеттілік. Полицияның жаңа пунктерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етеді», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол кешенді жоспар үш кезеңде жүзеге асырылатынын және 2021, 2022, 2023 жылдарға арналғандығын атап өтті.

Барлығы 36 жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу жоспарлануда, оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен учаскелік полиция пунктеріне және тағы 17-сі жеке секторда.


Соңғы жаңалықтар