Алматыда 34 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 3 521 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 ақпан күні 3 521 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 9 ақпан аралығында қалада 1 078 369 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 041 775 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 282 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 47 463 адам салдырды. Оның ішінде 2 451 жүкті әйел, бала емізетін 10 456 ана және 34 556 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 196 412 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар