Алматыда 33 шақырым аспалы жол салынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындарының бірі қала әкіміне мегаполис көшелеріндегі жүктемені жеңілдету үшін қала ішінде аспалы жол салу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда қаланың мәселесі – түтін мен көлік кептелісі екені бәрімізге мәлім. Қаланың көлік жүйесін толығымен алмастыра алатындықтан, аспалы жол құрылысының жобасын ұсынамын. Бұл жоба экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді. Қымбат емес. Сондай-ақ күн батареяларын қолдануға болады», - деп ұсыныс жасады ер адам.
Ерболат Досаев мұндай жоба қаланы дамыту бағдарламасына енгізілгенін атап өтті.
«Алматының Даму бағдарламасында 2030 жылға дейін қалада 33 шақырым аспалы жол салу бар. Осы жоба бойынша қосымша ұсыныстарыңыз бен идеяларыңыз болса, ұсына беріңіздер», - деп жауап берді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар