Алматыда 32 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 430 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 қаңтар күні 3 430 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 қаңтар аралығында қалада 1 054 327 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 019 181 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 502 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 32 427 адам салдырды. Оның ішінде 1810 жүкті әйел, 6 605 бала емізетін ана және 24 012 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 76 314 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар