Алматыда 32 млн теңгені ұрлады деп ұсталған зообақ кассирі кінәсін мойындамады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 32 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған зообақ есепшісінің соты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі сот залынан.

Алдын ала тергеу жұмыстарын қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген болатын.

Істі судья Фаррух Омаров қарап жатыр.

Іс материалдарына сәйкес, Алматы зообағының есепшісі билеттерді сату барысында компьютерден 32 млн теңгені жойып жіберген.

«Назарова Марина бухгалтерлік есепті жүргізуге жауапты тұлға бола отырып, бухгалтерлік құжаттарға қасақана жалған ақпарат енгізген. Осылайша ол Алматы зоологиялық паркі МКК-іне залал келтіріп, ҚР ҚК 241-бабында көрсетілген қылмыс жасады. Сонымен қатар, өзінің қызметтік лауазымын өз мүддесіне пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлады. Осылайша оған ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен айып тағылып отыр», - деді прокурор Ержан Құрақбаев.

Сот отырысы барысында Назарованың әріптестері, 2 кассирден жауап алынды.

Олардың айтуынша, Марина Назарова 1 кассада отырған. Оның міндеті - билет сатып, есебін жүргізу болған.

«Астында 3 кассир отыратын. 1-кассада сатылған билеттің есебін жүргізетін сервер орнатылған. Марина Назарова сол сервермен жұмыс жасайтын. Одан басқа сервердің паролін зообақ директоры, бас бухгалтер білетін. Кей күндері ол демалысқа кеткенде басқа кассирлер орын ауыстыратын», - деді куәгер Тәжібаева.

Өзіне сөз берілгенде Марина Назарова кінәсін мойындамады.

Келесі сот отырысы 1 қарашаға белгіленді.

37 жастағы күдікті Марина Назарова  14 тамызда ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар