Алматыда № 32 бағыттағы автобустар толық жаңарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда № 32 бағдарда қатынайтын автобустар 100 пайызға жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтардың өтініштері бойынша, 32 бағыттың паркі 100 пайызға жаңарды. Қоғамдық көлік қала көшелеріне мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» қондырғысы орнатылған соң шығады.

Олардың барлығы төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасақталған.

Автобустар табиғи газбен жүреді. Ауабаптағыш пен бейнебақылау орнатылған. Сыйымдылығы –104 адам, 22 отыратын орын бар. Бұдан бөлек, мүгедектерге арналған 3 орын қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар