Алматыда 31 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2410 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 қаңтар күні 2410 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қаңтар аралығында қалада 1 052 525 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1015 921 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 454 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 31 632 адам салдырды. Оның ішінде 1 737 жүкті әйел, 6396 бала емізетін ана және 23 499 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 71 040 алматылық өтті.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 762 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.


Соңғы жаңалықтар