Алматыда 300-ге жуық ағаш рұқсатсыз кесілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Жандосов көшесінің бойындағы ағаштар жаппай кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар әлеуметтік желіде Жандосов - Навои көшелерінің қиылысында ағаш кесілгенін айтып шағымданды.

Осыған байланысты Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы түсініктеме берді.

«Мамандар экобелсенділермен бірге оқиға орнына барды. Бірақ, оларды аумаққа кіргізбеді. Дронның түсірген видеосы бойынша 300-ге жуық ағаш рұқсатсыз кесілген. Материалдар табиғат қорғау прокуратурасына жіберіледі», - деп мәлімдеді басқарма.

Еске салсақ, жақында қала тұрғындары Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі ағаштардың кесілуіне шағымданған еді.

Ол ағаштардың арасында Қызыл кітапқа енгендері бар деп болжанды.

Кейінірек 300-ге жуық ағаштың заңсыз кесілгені туралы акт жасалды.


Соңғы жаңалықтар