Алматыда 30 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тәуелсіздік күніне орай бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданында жақында ғана бой көтерген №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 балабақшаны аралап көрді.

№26 емхана бір мезетте 500 адамға қызмет көрсете алады. Ол 1939 жылы салынған ескі ауылдық аурухана орнына тұрғызылды. Заманауи жабдықтары бар медициналық мекеме Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Қарағайлы, Құрамыс және Қарғалы сынды елдімекендердің 30 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады.null

«Алматыда денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру үшін тиімді шаралар қабылданып келеді. Осыған орай, қажетті Жол картасы жасалды. Қазірдің өзінде цифрландырудың арқасында сырқаттарға қызмет көрсету уақытын 20%, кезек күтуді 30% қысқартуға, дәрігерді үйге шақыртуды 1,5 есе жеделдетуге қол жеткізілді», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

 

Соңғы жаңалықтар