+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 30 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер ашылады

2020 жылғы 29 мамыр 11:54
Бөлісіңіз:
Алматыда 30 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –30 мамырдан бастап Алматы қаласындағы діни құлшылық орындары өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада карантин кезінде дүкендер, дәмханалар жұмыс істеген Асқар Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды СҚО-да карантин талаптарының сақталуы мобильді қосымша арқылы қадағаланады

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №32 қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап санитарлық-дезинфекциялау режимінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда қаладағы діни мекемелер өз жұмысын бастай алады.

Карантин уақытында діни орындардың жұмыс жасауларына қойылатын басты талап: ұжымдық іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылуы. Атап айтсақ, жұма намаздары, сенбі және жексенбі күні өткізілетін ғибадаттар, адамдармен топталып діни өлеңдер айту секілді және басқа да ұжымдық сипатқа ие құлшылықтарды өткізуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулердің басты мақсаты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу.

Сонымен қатар, құлшылық кезінде діни қызметшілер медициналық маска мен қолғап киюге және де әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Ал, маска кимеген және респираторлық аурулардың кез келген белгілері бар (температураның көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы) адамдар діни орындарға кіргізілмейді.

Өз кезегінде, діни шараларға қатысуларына рұқсат етілген адамдарға ғимарат ішінде 15-20 минуттан артық бөгелулеріне рұқсат етілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT