Алматыда 30 инновациялық жоба «Tech Garden Fair» техно-фестивалінде қолдаушысын тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мыңжылдығын тойлау мерекелік шаралары аясында «Tech Garden Fair» халықаралық технологиялық фестивалі өтті. Онда өнертапқыш ғалымдардың 30 инновациялық жобасы қолдаушысын тапты. Бұл туралы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, «Tech Garden Fair»  жас ғалымдардың, әзірлеушілердің инновациялық әлеуетін дамытып, жүзеге асыруға бағытталған Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық фестивальдердің бірі.

Фестиваль өткен демалыста, қала күні мерекелік шаралары аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында («ИТП» АЭА) өтті. Ауқымды іс-шара аясында жас ғалымдар, әзірлеушілер мен «стартаптарға» арналған «Tech Garden Cup» және «Startup Day» атты арнайы технологиялық байқауы ұйымдастырылды.

Фестивальға қатысушылардан 500-дей өтінім түсіп, технологиялық байқау нәтижесі бойынша, бірнеше бағытта өз туындысын ұсынған 30-ға жуық жеңімпаз анықталды.

Олар арнайы сыйлықтарға ие болып, «Almaty Tech Garden» негізінде Орта Азиядағы ең үздік акселерация барысында жобаларын жетілдіріп, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар