Алматыда 30-дан астам елден келген делегаттар тамақ қауіпсіздігін талқылап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алиментариус кодексі» комиссиясының Еуропа бойынша үйлестіру комитетінің 31-ші сессиясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Еуропаның 38 елінен, АҚШ, Африка және Азиядан екі жүзге жуық делегат қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шетелдік қонақтардың назарына қазақстандық өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге сүт өнімдері қойылатын болады. (кептірілген бие сүті (Саумал), ұнтақталған түйе сүті, қымыз және т.б.) Омарта шаруашылығының өнімдері де көрме сөресінен табылады. Сондай-ақ, «Ұлытау» салауатты тамақтану ұлттық орталығы бие сүтінен әзірленген шоколадты ұсынбақ.

Еуропалық аймақ - 1963 жылы құрылған «Алиментариус кодексі» комиссиясын құрайтын 6 аймақтың бірі. Оның құрамына 188 мемлекет және 1 ұйым кіреді (Еуропалық Одақ).

«Алиментариус кодексі» - бұл бір форматта ұсынылған шикізат пен өңделген тағамдарға арналған халықаралық стандарттардың жиынтығы. Бұл стандарттар тұтынушылардың денсаулығын қорғауға және азық-түліктің адал саудасын қамтамасыз етуге арналған. Кодекс халықаралық сауданы дамыту үшін үйлесімділік деңгейін арттыруға көмектеседі және сауда дауларын шешуде маңызды рөл атқарады. Еуропа елдеріне және Алиментариус кодексі талаптарын қабылдаған басқа елдерде азық-түлік тізбегінің барлық кезеңдерінде тамақ өнімдерінің импорты мен экспортын сертификаттауды бақылау туралы ережелер бар ». - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Оның пікірінше, «Алиментариус кодексі» стандарттары тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету және тамақ өнімдерінің адал халықаралық саудасын дамыту қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Басқосу барысында қатысушылар елдің экспорттық әлеуетін арттыру, отандық өнімді әлемдік нарыққа шығару және халықаралық жаһандық экономикаға интеграциялау, сондай-ақ бизнесті барынша қолайлы жүргізу үшін тағамдық стандарттарды үйлестірумен қолдану бөлігінде Кодекстің құралдарын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шара бес күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар