Алматыда 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов ауданында 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова айтты.

Қайғылы оқиға туралы хабарлама түскі 16:43-те түскен. Жұмысшылар жер қазып жатқан кезде топырақ опырылып түскен.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері үйінді астынан 3 адамның денесін алып шықты.

Қаза болғандардың екеуі 33 жастағы Алматы қаласының және облысының тұрғындары болып шықты. Үшінші адамның кім екендігі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар