Алматыда 3 жезөкшелер ордасы әшкереленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы аптада үш жезөкшелер ордасы әшкереленді.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған ордалардың екеуі Түрксіб ауданында орналасқан екі қонақүйде ашылған. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген қонақүй әкімшілері қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының дерегі бойынша, жеңіл жүрісті кәсіп еткен қыздар мекеме басшылығымен ауыз жаласып, табысының жартысын соларға беріп отырған.

Жақында дәл осындай орда Алмалы ауданындағы сауналардың бірінде анықталды. 50 жастағы сауна әкімшісі жеңіл жүрісті бикеден 4500 теңге алып жатқан кезінде қолға түсті.

Аталған деректер бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар