Алматыда 3 жасар баланың өліміне әкелген көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 жасар баланың өліміне әкелген көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға Қонаев-Мәметова көшелерінің қиылысында орын алған болатын.

Оқиғаға куә болған жаяу жүргіншілердің айтуынша, Мәметова көшесімен бағытталған «Фольксваген Гольф» көлігі Қонаев көшесімен жоғары келе жатқан «Део Матиз» көлігін соққан.

Соққыдан өзбек көлігі аударылып, ішіндегі кішкентай бала оқиға орнында қаза болды. Ал баланың анасы мен «Матиздің» жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Жол апатына себепкер болған «Фольксваген» жүргізушісі қазір қамауға алынды. Оған қарсы ҚР ҚК 296-бабы бойынша (адам өліміне әкеп соққан жол апатын тудыру) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар