Алматыда 3 үздік отбасы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері анықталды. Бүгін жеңімпаздардың атын қала басшысы Ахметжан Есімов жария етті. Республикалық конкурста Оңтүстік Астананың намысын альпинист Мақсұт Жұмаевтың отбасы қорғайтын болды.

Байқауда сондай-ақ, бір шаңырақ астында жарты ғасырдан астам өмір сүріп, гаухар тойын тойлағалы отырған Сұлтанғали Жиенбаев пен «Нысана» театрының әртістері Лиза мен Әбдінасыр Серіковтің отбасы топ жарды. Байқауға қаланың әр ауданына 14 отбасы бақ сынасқан еді. Оларды іріктеу кезінде ұлттық ерекшеліктеріне, бала санына, бір шаңырақ астында қанша жыл өмір сүріп жатқанына, кәсібіне, еліне сіңірген еңбегіне баса назар аударды. «Байқауды ұйымдастырудағы мақсат өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу еді. Осындай үлгілі жанұялардың өмірін көпшілікке көрсету арқылы отбасының ұлттық ерекшелігіміз бен құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін негізгі құрал екендігін айтқымыз келді», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов. Әкімнің айтуынша, қалада қазір 2390 көп балалы отбасы өмір сүруде. «Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 125 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, балалардың туылуына байланысты 375 млн теңге, оларды күтіп-бағуға 380 млн. теңге бағытталды. Ал мүгедек балаларды бағып отырған ата-аналар жыл басынан бері 280 млн. теңге алды», - деді әкім. Ал жарымен 7 жыл отасып, 2 баланы тәрбиелеп отырған байқау жеңімпазы отбасылық өмірінің әр күнін Эвересті бағындырғанмен теңейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар