+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда 3 мыңға жуық тұрғын QazVac вакцинасын салдырды

2021 жылғы 13 мамыр 10:34
Бөлісіңіз:
Алматыда 3 мыңға жуық тұрғын QazVac вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3053 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 2 676 299 адам коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін салдырды 134 мыңнан астам жамбылдық вакцина салдырды Сағынтаев алматылықтарды коронавирустан вакцинамен қорғануға шақырды

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 11 мамыр күні 3 053 алматылық вакцина салдырды.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 мамыр аралығында қалада барлығы 302 985 адамға екпе салынды.

Вакцина егілгендер арасында 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі - 30 382.

«Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 17 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 514 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT