Алматыда 3 көлік соқтығысып, 4 адам жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сейфуллин Қабанбай көшелері қиылысында 3 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Қабанбай көшесімен шығысқа қарай кетіп бара жатқан «RAV4» көлігі Сейфуллин көшесіне бұрылып жатқанда қарама-қарсы бағытта бағдаршамның сары түсіне өтпек болған «Subaru» маркілі көлігіне соғылады. Соққыдан «RAV4» теріс айналып артындағы Opel көлігіне тиіп тоқтайды.

Жол апатынан 4 адам, атап айтқанда «RAV4» көлігіндегі 2 адам мен «Subaru» көлігінің жолаушысы жапа шекті. 1 бала дәрігерлердің тексеруінен соң үйіне жіберілді.

Оқиға орнында құзырлы орган мамандары жұмыс жасап жатыр.





Соңғы жаңалықтар