Алматыда 3 қабатты ғимараттың мансарды түгел өртеніп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданында 3 қабатты ғимараттың мансарды түгел өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ұлан көшесіндегі 37 үйдің шатырының жанып жатқаны туралы хабарлама таңғы 9:33-те түскен. Өртті сөндіруге 71 адам, 21 техника жұмылдырылды. Ол өте күрделі дережедегі өрт деп белгіленді. Өйткені алапат жалынды ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер екі учаскеге бөлініп жұмыс жасады.

Өрттен ғимараттың үстіңгі мансард қабаты толық жанып кетті. Қызыл жалын 400 шаршы метрге жуық аумақты жарамсыз етті.

Тілсіз жаудан 20 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 адам құтқарылды.

 

Соңғы жаңалықтар