Алматыда 3 баланы өрттен құтқарған жауынгер арнайы медальмен марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 3 баланы өрттен құтқарған батырға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының қызметкерлері қатысты.

Адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы үшін Нұрқанат Мұратұлы Дүйсен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің атынан Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өрт сөндіру қызметі генерал-майоры Серік Әубәкіров Нұрқанатқа аталған марапатты салтанатты түрде табыс етті.

Серік Ғабдолұлы жалғыз өзі жанып жатқан үйдегі үш баланы от жалыннан аман-есен алып шыққан Нұрқанат Дүйсеннің кәсіби тағылымдамадан өтуіне, сондай-ақ оған ерекше жағдайларда әрқашан дайын болуға үйреткен командирлеріне алғыс айтты.
null

Өрт 2019 жылғы 11 наурыз күні сағат 18:00-де Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Бірінші май көшесінде орналасқан жатақханада болды. Өрт сөндіру бригадаларына келгенге дейін аталған үйдің жанынан өтіп бара жатқан Нұрқанат Дүйсен терезеден айқайлаған дауысты естіп, тез арада көмекке ұмтылған болатын.

Еске сала кетейік, таяуда Нұрқанатты Қорғаныс министрлігі де марапаттаған болатын.

Соңғы жаңалықтар