Алматыда 3 әйелді бауыздаған күдікті қатаң жазаға кеспеуді сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үш әйелді бауыздады деген күдікпен ұсталған 32 жастағы алматылық Замандин Палтуев сот алдындағы соңғы сөзін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сотталушының қорғаушысы Дін-Мұхамед Нарымбетов мәлім етті.

«Өз сөзінде Палтуев жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Қаза болған әйелдердің отбасыларынан кешірім сұрады. Сонымен қатар, судьядан қатаң жаза тағайындамауды, түбі бір үйіне қайтуға мүмкіндік беруін өтінді», - деді Д.Нарымбетов.

Көз жұмған әйелдердің туысқандары сот барысында оны ең қатаң жазағы, яғни өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтінді.

Дәл осындай жазаны мемлекеттік айыптаушы да сұраған.

Сот үкімі ертең жарияланады.

Еске сала кетсек, жантүршігерлік қылмыс Алматыда былтыр желтоқсанның 1-інен 2-сіне қараған түні болды.

Соңғы жаңалықтар