Алматыда 3 автокөлік соқтығысты

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тимирязев көшесінің бойында түнгі сағат 3-тер шамасында жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, Газель мен Mercedes W124 автокөлігі бір бағытта Тимирязев көшесімен батысқа қарай бара жатқан. Алдыңғы қатарда келе жатқан Газель солға бұрылмақ болып жүрісін баяулатады. Ол бұрылыстан шыққан қарсы беттегі көлікті өткізіп жібермек болған.

астапқы нұсқа бойынша, Mercedes жүргізушісі мұны кеш байқап, Газельге соғылудан қашып қарсы бағыттағы жолға шығып кетпек болады, алайда үлгермеген. Нәтижесінде Mercedes автокөлігі Газельдің артынан түйіп өткен. Сонда да тоқтай алмаған көлік көшенің қарсы бағытына шығып кетеді де шығысқа қарай келе жатқан жол таңдамайтын джипке бетпе-бет соғылған.

Жол апатынан жарақат алған Mercedes жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.
nullnullnullnull
Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар