Алматыда 3 автокөлік пен автобус соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  3 автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылының бойында, Гагарин және Жароков көшелері аралығында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, рульге ие бола алмаған  «Мерседес» маркалы көліктің жүргізушісі сұр түсті «Хьюндай Акцент» автокөлігін жанынан соғып, дөңгелегін жұлып кеткен. Сондай-ақ екпінін тоқтата алмай ақ түсті «Хьюндай Акцент» автокөлігі мен 63-автобусты қаққан. Осы қарқынмен электр бағанына соғылған «неміс» көлігі  ағашқа ұрылып, тротуардан ары  гүлзардың үстінен бір-ақ шығады. 

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі апатқа себепші «Мерседес» жүргізушісін ауруханаға алып кетті.

Басқа көліктің жүргізушілері медициналық көмектен бас тартты.

Әзірге бұл істің ақ-қарасын тәртіп сақшылар анықтауда.

nullnullnullnullnullnullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар