Алматыда 3 адамға пышақ салған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш адамға пышақ салған адам ізі суымай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрксіб ауданында сантехник болып жалданған ер адам әйелді пышақтап, оның анасын жаралаған. Сонымен қатар, артынан көршісіне пышақ ала жүгірген.

«Белгілі болғандай, олар уағдаласқан еңбекақысына келіспей қалған. Ұрыстың арты жанжалға ұласқан. 32 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Оның 63 жастағы анасы мен 35 жастағы көршісі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. 43 жастағы күдікті оқиға орнынан тайып тұрған. Учаскелік инспектор оны жақын жерден тауып алған. Қазір полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр»,- деді Түрксіб аудандық ПБ басшысы Танат Назанов.


Соңғы жаңалықтар