Алматыда 3,4 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында балалары түнде көшеде жүрген 3,4 мың ата-ана айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 37,4% төмендеді, ауыр қылмыс түрлерінің саны 31,6% төмендеса, аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді. Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысынан көбін басқа қалалардан келген жасөспірімдер жасаған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 48,8% азайды.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жеті жалпықалалық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді – «Жасөспірім», «Демалыс», «Қауіпсіз мектеп», «Жақсылық бәріне қолжетімді», нәтижесінде 396 жасөспірім мен 340 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына тіркеуге қойылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 210 бала орналастырылды», – деді Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар, ол 3 420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Себебі, олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары түнгі уақытта көшеде жүрген.


Соңғы жаңалықтар