Алматыда 29 қаңтарда сабақ тоқтылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райына байланысты 29 қаңтар, дүйсенбі күні 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілттеме жасай отырып.  

«2018 жылдың 29 қаңтарында ауа  температурасы - 25 градустан төмен болуына байланысты Алматы қаласы мектерінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады», - делінген Алматы қаласының Білім басқармасы.  

Айта кетейік, Алматыда 24 қаңтар күні тау бөктеріндегі бірқатар мектепте бастауыш сыныптар үшін сабақтар тоқтатыла бастады. 25 қаңтар күні 1-9 сынып, 26 қаңтар 9-11 сынып оқушылары (бастауыш сыныптар бескүндік оқу жүйесінде - ред ) үшін сабақ өткізілмеген.

Еске сала кетейік, синоптиктер Алматыда 26-28 қаңтарда  ерекше аяз болатынын ескерткен. Мамандардың айтуынша, бұл күндері ауа температурасы күндіз -25, түнде -36 градусқа дейін төмендейді. 26-сынан, 27-сіне қараған түні -30 градустан төмен ауа райы тіркелді. Синоптиктер Алматының аязы ақпанда қайта оралатынын айтқан. 

Соңғы жаңалықтар